Алматының ең көрікті жерлерінің бірінде, Есентай өзенінің жағасында скейтбординг немесе BMX велоспортын ұнататындар өзгелерге қауіп төндірмей, сүйікті ісімен айналысатын, пікірлес адамдармен кездесіп тәжірибе алмаса алатын жаңа белсенді қоғамдық кеңістік пайда болуы мүмкін. Бұл осы спорт түрлерін дамыту үшін азаматтардың көптен күткен қауіпсіз жерге деген қажеттілігіне жауап, сонымен бірге өзен маңындағы кеңістікті белсендіру. Соңғы уақытта олимпиадалық спорт түріне айналған скейтбординг жастарды салауатты өмір салтына итермелейді. Сонымен қатар, спортпен шұғылдану үшін қолайлы орындарды үнемі іздейтін балалар, бұл үшін арнайы бейімделген қауіпсіз инфрақұрылым алады. Кешеннің элементтеріне еңіс террассалары, скейт-рампалары мен алаңдарынан бастап, BMX жолдары, ойын алаңдары, сондай-ақ шана сырғанақтары мен жартасқа өрмелеу орталығы кіреді.