If a building becomes architecture, then it is art
Бас жоспар қаланың туристік әлеуетін аша отырып, Түркістанды тұрғындар үшін ең қолайлы кеңістікке айналдыру ниетіне негізделген. Қарастырылатын басты мәселе бұл тарихи-мәдени мұраға құрмет көрсету маңыздылығы.
Бұл жоба қаланың көлік желісін қоғамдық көлікпен және жаңа әуежайға, автовокзалдарға және темір жол станциясына дейінгі жолдармен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Бас жоспарда қаланың көлік желісін қоғамдық көлікпен және жаңа әуежайға, автовокзалға және теміржол вокзалына дейінгі жолдармен үйлесімді біріктіру қарастырылған. Бұған қоса, Шығыс базар аймағындағы мейрамханалар мен кафелері бар көп деңгейлі террассалар сияқты демалыс пен ойын-сауық үшін бірегей кеңістіктерді ұсынады.
Жобаның ерекшілігі - климаттық жағдайларды ескеру, сондай-ақ қызықты сәулет шешімдері, оның ішінде базардан алыс емес керуен сарайлар стилінде жасалған қонақ үйлер. Жобада саябақтар мен алаңдар түріндегі ашық алаңдардың құрулуы қарастырылған. Сондай-ақ, қаланың тарихи бөлігіне кіру қақпаларының аландары жасыл аумақтар ретінде безендірілген. Бұл аймақтар жаяу жүргіншілер өткелдерімен және электроавтобустарға арналған айналма жолдармен өзара байланысып, қозғалыс ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз етеді.